Израильдің әуе шабуылы Иранның әскери басшылығын қапыда қалдырғандай болды. Алайда шабуылдың басты мақсаты – Тегеранның ядролық бағдарламасын жою – орындалды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Израиль Тегеран жойқын қаруға ие болуға шақ тұр дейді. Ал Иран тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
13 маусымға қараған түні Израиль Иранға әуеден шабуыл жасады. Израиль үкіметі Иранның ядролық бағдарламасы, оған қоса жоғары шенді әскери басшылары мен физик ғалымдары да нысанаға алынғанын мәлімдеді. Тегеран Израильден қарымта қайтаратынын айтты.
Ресей алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Балтық теңізі үстінен ұшырып, Владимир Путин "ядролық триада ғана Ресей егемендігін сақтай алады деп мәлімдеді. Ол Украинаның «Өрмек» операциясынан соң алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Қиыр Шығысқа көшірді.
Қырымның ресейшіл билігі орысша сөйлейтін тұрғындар күнделікті қолданатын, шет тілдерден енген сөздермен күресіп жатыр. Жергілікті кәсіпкерлерді кафе мен дүкен атауын шетел тілінде жазбауға мәжбүрлеп көндіргісі келеді. Шенеуніктер "рухы орыс" адам қалай сөйлеу керектігі туралы нұсқаулық шығарды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелестегі тәртіпсіздікті басуға 2 мың әскер жіберді. Өткен аптада қалада жүздеген адам заңсыз мигранттарды депортациялау операциясына қарсылық білдіріп, федералды агенттермен қақтығысқа да барған еді.
19-20 мамырда Чехия астанасында Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия белсенділері мен журналистерінің, тәуелсіз сарапшылардың басын қосқан Unlock-2025 жиыны өтті. Қазақстаннан бұл жиынға жиырма шақты адам қатысты.
Ресей президенті Владимир Путин Стамбұлда Украинамен келіссөз өткізуге өз көмекшісі Владимир Мединский бастап баратын делегация құрамын жария етті. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Түркияда жеке кездесуге Путиннің өзін шақырған еді.
Тағы